Қарағанды қаласындағы Ар-Рахман мешіті ұйымдастыруымен «Дін мен дәстүр – халық қазынасы» тақырыбында рухани дастархан өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ислам құндылықтарының сабақтастығы, ұлттық мұраны сақтау және жас ұрпақ тәрбиесіндегі рухани құндылықтардың маңызы жөнінде пікір алмасты.
Кездесу аясында Құран аяттары оқылып, ел тыныштығы мен халықтың амандығы үшін дұға жасалды. Шараның мақсаты – дін мен дәстүрдің өзара байланысын дәріптеп, қоғамдағы рухани бірлікті нығайту.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы