Ақтоғай ауданына қарасты Қуаныш ауылының имамы Бауыржан Сейдуәлиұлының ұйымдастыруымен “Имани жаз – 2026” жазғы діни сауат ашу курсы аясында ауылдық мектеп оқушылары Ақтоғай археологиялық-этнографиялық мұражайына арнайы барып, өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасымен танысты.
Балаларға көне дәуірден сақталған тұрмыстық бұйымдар, археологиялық қазбалардан табылған жәдігерлер және этнографиялық құнды экспонаттар таныстырылды.
Мұражай қызметкерлері оқушыларға әр жәдігердің тарихы мен маңызы жөнінде кеңінен түсіндіріп, туған өлкенің өткені туралы қызықты деректермен бөлісті. Балалар өз кезегінде тарихи заттарға үлкен қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды.
Мұндай танымдық шаралар жас ұрпақтың туған жер тарихына деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулуға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, “Имани жаз – 2026” курсы аясында алдағы уақытта да осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жалғасын табады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы