Қарағанды қалалық “Әл-Ғаффар” мешітінде «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсының ашылу салтанаты өтті.
Іс-шара барысында бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге жазғы демалысты пайдалы өткізіп, діни білім мен ұлттық құндылықтарды қатар меңгерудің маңыздылығы түсіндірілді. Балаларға ізгі тілек айтылып, олардың білім жолындағы алғашқы қадамдарына сәттілік тіленді.
Курс аясында әрбір шәкіртке діни сауатын арттыруға арналған «Құран әліппесі», «Иман әліппесі», ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өнегелі мұрасын дәріптейтін «Кел, балалар, оқылық!» кітаптары, сондай-ақ оқу құралдары ретінде дәптер мен қалам тарту етілді.
Жазғы курс барысында балалар Құран әліппесін үйреніп, имандылық, әдеп, ата-анаға құрмет, отансүйгіштік секілді асыл құндылықтар жөнінде тағылымды дәрістер алады.
«Имани жаз» курсы – жас буынның рухани тәрбиесін нығайтып, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған игі бастама. Алла Тағала бұл бастамамызға береке беріп, шәкірттеріміздің білімін арттырып, келешекте елінің игілігіне қызмет ететін саналы ұрпақ болып қалыптасуын нәсіп етсін.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы