Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен жазғы діни сауат ашу курсының шәкірттері тәрбиелік-танымдық сабақ аясында түрлі қолөнер бұйымдарын жасады.
Шара барысында балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдап, қиялдарын іске асырып, түрлі бейнелер мен композициялар құрастырды. Қолөнер сабағы шәкірттердің ұсақ моторикасын дамытуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және еңбекке баулуға бағытталды.
Сабақ барысында ұстаз шәкірттерге ұйымшылдықтың, ұқыптылықтың және әрбір істі жауапкершілікпен атқарудың маңызын түсіндірді. Балалар белсенділік танытып, өз туындыларын көпшілікке таныстырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мұндай тағылымды шаралар жазғы діни сауат ашу курсы аясында шәкірттердің рухани тәрбиесімен қатар шығармашылық қабілеттерін дамытуға да оң әсерін тигізуде.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы