Ақтоғай ауданына қарасты Қуаныш ауылының имамы Бауыржан Сейдуәліұлының ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын қайырымдылық шарасы өтті.
Шара барысында балаларға арнайы сыйлықтар тарту етіліп, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Ауыл бүлдіршіндері игі бастамаға ризашылықтарын білдіріп, көтеріңкі көңіл күйде болды.
Мұндай игі шаралардың мақсаты – жас ұрпаққа қамқорлық танытып, олардың жүздеріне күлкі сыйлау, мейірімділік пен ізгілік құндылықтарын дәріптеу.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы