Center Image
IHSAN.KZ
ШАХТИНСК ҚАЛАСЫНДА «ИМАНИ ЖАЗ – 2026» ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
ШАХТИНСК ҚАЛАСЫНДА «ИМАНИ ЖАЗ – 2026» ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде балаларға арналған «Имани жаз – 2026» жазғы діни сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

Аталған курс жас ұрпақтың діни сауатын арттырып, ұлттық және рухани құндылықтарды бойына сіңіруге бағытталған. Үш аптаға жоспарланған оқу бағдарламасы аясында шәкірттерге «Имандылық әліппесі», «Мұсылманның 40 парызы» пәндері оқытылып, түрлі тәрбиелік сағаттар өткізіледі.

Сонымен қатар балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында танымдық сайыстар, спорттық жарыстар мен түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады.

Жазғы курс шәкірттердің діни білімін жетілдіріп қана қоймай, олардың көркем мінез қалыптастыруына, достық пен бауырмалдық қасиеттерін нығайтуына оң әсер етеді.

Алла Тағала шәкірттерімізге пайдалы білім, көркем тәрбие нәсіп етіп, ілім жолындағы қадамдарына береке берсін!

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz