Теміртау қалалық орталық “Әлихан Бөкейхан” мешітінде балаларға арналған дәстүрлі “Имани жаз–2026” діни сауат ашу курсының алғашқы сабағы өтті.
Курс аясында бүлдіршіндер қасиетті Құран Кәрімді оқып үйреніп, тәжуид қағидаларын меңгереді. Сонымен қатар шәкірттерге Құран, Тәжуид, Мұғалім Сәни, дұға жаттау, 40 парыз, Ислам әдебі, ғибратты әңгімелер пәндері бойынша дәрістер жүргізіліп, намаз оқудың тәртібі үйретіледі.
Бағдарлама барысында балалардың рухани-танымдық білімін арттыруға бағытталған тәрбиелік сабақтар, түрлі зияткерлік ойындар мен қызықты шаралар да ұйымдастырылады.
«Имани жаз» курсы жас ұрпақтың діни сауатын арттырып қана қоймай, олардың бойына көркем мінез, адамгершілік пен имандылық қасиеттерін сіңіруге бағытталған маңызды рухани жоба болып табылады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы