Қарағанды қалалық “Төлеутай ата” мешітінде “Имани жаз–2026” жазғы діни сауат ашу дәрісі басталды.
Дәрістің алғашқы күні мешіттің наиб имамы Дархан Түменбай шәкірттерге білім алудың және имандылықтың маңыздылығы туралы тағылымды насихат айтты.
Жазғы курс барысында балалар “Имандылық әліппесі” негізінде діни сауат ашады, сондай-ақ оларға жас ерекшеліктеріне сай тәрбиелік және танымдық дәрістер жүргізіледі. Сонымен қатар, балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында қызықты ойындар мен түрлі үйірме сабақтары ұйымдастырылады.
Мұндай игі шара жас ұрпақтың рухани дамуына, әдептілік пен имандылыққа тәрбиеленуіне үлкен үлес қосады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы