Құрбан айт мерекесі аясында Қарағанды қалалық “Бұқар Жырау” мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізіліп, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көмекке мұқтаж 39 отбасыға құрбандық еті үлестірілді.
Игі шараның басты мақсаты – Құрбан айттың рухани мәнін дәріптеп, мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоғамдағы өзара жанашырлық пен бауырмалдық құндылықтарын нығайту болды.
Шара барысында мешіт қызметкерлері мен еріктілер құрбандық еттерін мұқтаж отбасыларға жеткізіп, мереке қуанышымен бөлісті. Өз кезегінде тұрғындар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, сауапты іске атсалысқан азаматтарға ізгі тілектерін жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы