Құрбан айт мерекесі аясында Toyota Center Қарағанды ұжымы игі іске ұйытқы болып, құрбандық шалу рәсімін ұйымдастырды. Осыған орай Қарағанды қалалық Бұқар Жырау мешітінің наиб имамы Аманбол Рымқұлұлы арнайы қатысып, ұжымға ақ батасын берді.
Шара барысында Toyota Center Қарағанды мекемесінің басшысы Дархан Қуатжанұлы Молдалимов мешіт өкілдеріне ұжымның тыныс-тіршілігімен таныстырып, кәсіпорынның негізгі жұмысымен қатар әлеуметтік жауапкершілік пен қайырымдылық шараларына да ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
Сондай-ақ, Toyota Center Қарағанды ұжымы мен Бұқар Жырау мешіті бірлесіп қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында құрбандық еттерін үлестіру ісін жүзеге асырды.
Игі бастама барысында жиналғандар ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасап, қайырымдылық пен мейірімділіктің қоғамдағы маңызына тоқталды. Ұйымдастырушылар мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы