Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды қалалық Бұқар Жырау мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды.
Аталған шара қасиетті Құран аяттарын толық оқумен басталып, жазықсыз жапа шеккен ата-бабалардың рухына арналып дұға жасалды. Жамағат ел тарихындағы ауыр кезеңдерді еске алып, бейбіт өмір мен ел амандығы үшін Жаратқаннан жарылқау тіледі.
Дін мен дәстүр сабақтастығын негіз еткен рухани жиынға мешіт жамағаты, ақсақалдар және қала тұрғындары қатысты. Қатысушылар бірлік пен берекені сақтау, өткенге тағзым ету – ұрпақ парызы екенін атап өтті.
Іс-шара соңында мешіт асханасында дастархан жайылып, жиналған 300 адамға ыстық палау таратылды. Жамағат ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай игі шаралардың қоғамдағы рухани тұтастықты нығайтатынын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы