Center Image
IHSAN.KZ
САЯСИ ҚУҒЫН - СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ
САЯСИ ҚУҒЫН - СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық “Әнет баба” мешітінде қасиетті Құран аяттары оқылып, зұлмат жылдары жазықсыз жапа шеккен ата-бабалар рухына дұға бағышталды.

Шара барысында ашаршылық құрбандарына арналған монументке гүл шоқтары қойылып, құрмет көрсетілді. Қарағанды облыстық “Әнет баба” мешітінің наиб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлы Құран хатым жасап, арнайы дұға жасады.

Бұл тағылымды іс – тарихымыздың ең ауыр кезеңдерінде шейіт кеткен боздақтардың рухына тағзым етіп, олардың ерлігін ұлықтау әрі ұлт жадын жаңғыртуға бағытталған рухани шара болды.

Айта кетейік, Қазақстанда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде ресми түрде бекітілген.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz