Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында арнайы сыйлықтар табысталып, рухани және әлеуметтік қолдау көрсетілді. Сондай-ақ ата-аналарға ізгі тілектер айтылып, қоғамдағы өзара жанашырлық пен қамқорлық құндылықтарының маңызы насихатталды.
Аталған шараның негізгі мақсаты – ерекше балаларға қолдау көрсету, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына ықпал ету және мейірімділік пен қайырымдылық мәдениетін дамыту.
Бұл игі бастама мешіттің әлеуметтік-рухани бағыттағы тұрақты жобаларының бірі ретінде жүзеге асырылып, қоғамдағы ынтымақтастық пен жауапкершілік құндылықтарын нығайтуға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы