Қарағанды қалалық “Бала қажы” мешітінің шәкірттері Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Шәкірттер мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды арнайы аралап, қасиетті мерекемен құттықтады. Ізгі шара барысында отбасыларға тәттілер мен сыйлықтар табысталып, балаларға ерекше қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
Сондай-ақ, шәкірттер ата-аналармен сұхбаттасып, олардың хал-жағдайын сұрап, жылы лебіздері мен ақ тілектерін жеткізді. Құрбан айттың мейірім, жанашырлық және қамқорлыққа үндейтін қасиетті мереке екені айтылып, мұқтаж жандарға қолдау көрсету – мұсылмандықтың маңызды құндылықтарының бірі екені атап өтілді.
Отбасылар өз кезегінде көрсетілген ықылас пен қамқорлық үшін алғыстарын білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлаған мешіт жамағатына ризашылықтарын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы