Қасиетті Құрбан айт мейрамының құрметіне орай Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған арнайы рухани іс-шара ұйымдастырылды.
Кездесу барысында мешіт ұстазы Амангелді Меруерт жиналған жамағатқа Құрбан айт мерекесінің шығу тарихы, оның мұсылман қауымы үшін маңызы және айт күндеріндегі ізгі амалдар жайында тағылымды уағыз-насихат айтты.
Сондай-ақ шараға арнайы қонақ ретінде Ақтас кентіндегі «Ерімбет ата» мешітінің ұстазы Әмина Алмасқызы қатысып, «Жан тыныштығы» тақырыбында әсерлі насихат жүргізді. Ұстаз адам өміріндегі рухани тыныштықтың орны, отбасы құндылықтары, сабыр мен шүкіршіліктің маңызы жөнінде кеңінен тоқталды.
Кездесу барысында жамағат тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасу ұйымдастырылды. Жылы әрі рухани атмосферада өткен шара қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Іс-шара соңында мешіт атынан жамағатқа арнайы сыйлықтар табысталса, жамағат та ұстаздарға алғысын білдіріп, сый-сияпаттарын ұсынды.
Осындай рухани кездесулер жамағаттың білімін арттырып, бірлік пен бауырмалдықты нығайтуға өз үлесін қосуда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы