Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде Құрбан айт мейрамына орай әлеуметтік қолдауға мұқтаж он отбасыға құрбандық еті үлестірілді.
Мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы көмек алушы отбасыларды Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Ол өз сөзінде Құрбан айттың қайырымдылық пен мейірімге, бірлік пен бауырмалдыққа үндейтін қасиетті мереке екенін атап өтті.
Шара барысында көмекке мұқтаж жандарға азық-түлік үлестіріліп, олардың алғысы мен ризашылығы қабыл алынды. Мұндай игі істер қоғамдағы өзара қолдауды нығайтып, рухани құндылықтарды арттыра түсетіні айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы