Қарқаралы қалалық «Мәди Бәпиұлы» мешітінің ұстазы Жұмабек Айбар Жанатбекұлы жастармен кездесу өткізіп, «Өнегелі отбасы – қоғам байлығы» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Кездесу барысында ұстаз отбасының қоғамдағы орны мен маңызына тоқталып, ата-анаға құрмет көрсету, отбасы бірлігін сақтау және ұрпақ тәрбиесінің жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірді.
Сондай-ақ жастарға ізгілікке, адамгершілікке және салихалы отбасы құруға үндейтін насихаттар айтылып, отбасы құндылықтарын сақтау – қоғам тұрақтылығының негізі екені атап өтілді.
Шара соңында жастар тарапынан сұрақтар қойылып, пайдалы рухани әңгіме өрбіді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы