ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Құмар Қоныскерей Қарағанды қаласындағы қасапханалардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.
Сондай-ақ, құрбан шалу науқаны кезінде атқарылып жатқан жұмыстарды көзбен көріп, жағдайдың тұрақтылығына назар аударды.
Облыстық мешіттің наиб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлы қасапханалардың қазіргі жай-күйі туралы ақпарат беріп, жұмыс барысындағы ұйымдастыру шараларымен бөлісті.
Құмар Қоныскерей үш күн бойы құрбан шалу және ет үлестіру жұмыстарына атсалысқан қасапшылар мен барлық қызметкерлерге ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының сәлемі мен алғысын жеткізді.
Іс-шара барысында еңбек етіп жүрген азаматтардың жауапкершілігі мен құрбан айт кезіндегі жүйелі жұмыстардың маңызы ерекше атап өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы