Ақтас кенті «Ерімбет ата» мешітінің ұйымдастыруымен жамағатқа арнайы дастархан жайылып, көпшілікке құрмет көрсетіліді.
Жиын барысында имам құрбан шалудың маңыздылығы туралы кеңінен уағыз-насихат айтып, оның Исламдағы орны мен рухани тәрбиелік мәнін түсіндірді.
Сонымен қатар, имам құрбандық шалудың адамды жақсылыққа, жомарттыққа және Аллаға жақындауға жетелейтін құлшылық екенін атап өтті. Жамағатқа бірлік, бауырмалдық, өзара сыйластық және мұқтаж жандарға көмектесу секілді ізгі қасиеттер насихатталды.
Мешіт жамағаты мұндай игі бастамалар рухани байланысты күшейтіп, бауырмалдықты арттыратынын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Жиын жылы әрі тағылымды рухта өтіп, жұма күні береке мен бірлікке толы сәтке айналды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы