Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі бойынша арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған шара Қарағанды қаласы Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Осыған орай басқарма басшысының міндетін атқарушы, подполковник Бақытжан Жұмағалиұлы Молдабаевтың тағайындауымен басқарма инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Нұрби Мейрамұлы Боранқұл мешіт қызметкерлерімен арнайы кездесу өткізді.
Кездесу барысында өрттің алдын алу шаралары, қауіпсіздік талаптарын сақтау, төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәртібі және алғашқы сақтық шаралары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар мешіт қызметкерлеріне қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы айтылып, арнайы нұсқаулықтар берілді.
Шараның басты мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алып, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптарын күшейту.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы