Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік кеш көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлады. Іс-шара барысында түрлі қызықты ойындар, танымдық сайыстар және ұлттық спорттық жарыстар өткізілді. Балалар асық ату, арқан тарту секілді ұлттық ойындарға белсене қатысып, өз өнерлері мен ептіліктерін көрсетті.
Сонымен қатар жиналған көпшілікке арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Ұйымдастырушылар балаларға тәттілер мен сыйлықтар таратып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Шара барысында Құрбан айттың мейірім мен татулықтың, ізгілік пен қайырымдылықтың мерекесі екені насихатталып, жас буынға ұлттық және рухани құндылықтардың маңызы түсіндірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы