Абай аудандық орталық мешітінде Құрбан айт намазынан кейін жамағатқа арнайы дастархан жайылып, дәм ұсынылды. Қасиетті мерекеде мешітке жиналған қауымға ыстық ас беріліп, айттың берекесі мен мейірімі кеңінен сезілді.
Шара барысында мешіт имамы Асхат Қанайұлы жамағатты ұлық мерекемен құттықтап, Құрбан айттың мұсылман қауымы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, құрбан шалудың мәні мен сауабы, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсету және ағайын арасындағы татулықты нығайтудың маңыздылығы жайында тағылымды насихат айтты.
Жамағат бір-біріне ақжарма тілектерін арнап, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады. Айт күні ұйымдастырылған мұндай игі шаралар көпшіліктің мерекелік көңіл-күйін көтеріп, рухани бірлікті арттыра түсті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы