Сұрыптау кенті «Қамзе» мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды. Айт намазынан кейін мешіт ауласына жиналған жамағат қазақтың дәстүрлі спорт түрлерінен бақ сынасып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Атап айтқанда, арқан тартыс, қол күрес және гір тасын көтеру сынды ұлттық сайыстар өткізіліп, қатысушылар өздерінің күш-қайраты мен ептіліктерін көрсетті. Жарысқа жастармен қатар ересектер де белсене қатысып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
Мерекелік шараның басты мақсаты — жамағат арасында бірлікті нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ Құрбан айттың рухани атмосферасын кеңінен насихаттау болды.
Сайыс қорытындысында жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар табысталып, белсенді қатысушыларға алғыс айтылды.
Ұлттық ойындарға толы мерекелік шара көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, айттың сәнін арттыра түсті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы