Сұрыптау кентіндегі «Қамзе» мешітінде мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Құрбан айт намазы оқылды. Таңмен таласа мешітке жиналған жамағат қасиетті айт намазын бірге орындап, бір-біріне ізгі тілектерін арнады.
Мешіт имамы Думан Қамариденұлы жиналған қауымды Құрбан айт мерекесімен құттықтап, бұл күннің мұсылман жұртшылығы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, айт күндері мейірім мен жанашырлық танытып, ағайын арасындағы татулық пен бірлікті нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Айт намазынан кейін еліміздің амандығы мен тыныштығы, халқымыздың бірлігі мен берекесі үшін арнайы дұға жасалды. Жамағат Жаратқаннан елге тыныштық, жерге береке, әр шаңыраққа амандық пен мол ризық тіледі.
Қасиетті мереке мешітке келген көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлап, айттың шынайы қуанышын сезіндірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы