Қарағанды қаласындағы арнайы бекітілген қасапханада Құрбан айт күндеріндегі құрбандық шалу рәсімі өз жалғасын тауып, ұлық мейрамда сауапты іске асыққан тұрғындар үшін мәдени шара өтті.
Қасапханада тынымсыз қызмет етіп жүрген қасапшылар мен құрбан шалуға келген жамағатқа Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің атынан арнайы тігілген киіз үйде дастархан жайылып, дәм ұсынылды. Айттың берекесін арттырған игі шарада келген қауымға ыстық шай мен ұлттық тағамдар таратылып, қазақы қонақжайлықтың үлгісі көрсетілді.
Шара барысында облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы, «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы жиналған көпшілікке тағылымды насихат айтты. Ол өз сөзінде отбасы құндылықтарының қоғамдағы орны, ата-анаға құрмет, ұрпақ тәрбиесі және Құрбан айт мейрамының рухани мән-маңызы жайында кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүр мен ислам құндылықтарының сабақтастығы жөнінде әсерлі ой қозғады.
Айтулы шара аясында жамағатқа рухани-мәдени насихат жүргізіліп, көпшілікке мейірім, жанашырлық, бауырмалдық секілді асыл қасиеттер дәріптелді. Қасиетті мерекеде ұйымдастырылған мұндай игі бастамалар халықтың бірлігін нығайтып, айттың шынайы рухын сезіндіре түсті.
Құрбан айт — тек құрбан шалу рәсімі ғана емес, ағайынның араласуын арттырып, татулық пен ізгілікті насихаттайтын берекелі мейрам екені тағы бір мәрте айқын аңғарылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы