Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлы «Сарыарқа» телеарнасына арнайы сұхбат берді.
Шахтинск қаласында өткен Құрбан айт мерекесіне арналған іс-шараларды түсіруге келген телеарна өкілдеріне имам Құрбан айттың рухани маңыздылығы, мұсылман қауымы үшін орны және мереке аясында ұйымдастырылған игі шаралар жайында кеңінен баяндады.
Сұхбат барысында қала тұрғындары мен жамағаттың бірлігі, қайырымдылық пен ізгілікке негізделген іс-шаралардың маңызы айтылып, Құрбан айттың қоғамдағы татулық пен мейірімділікті арттыратын қасиетті мейрам екендігі атап өтілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы