Center Image
IHSAN.KZ
Қарқаралыда Құрбан айт мейрамы ұлттық ойындармен жалғасты
Қарқаралыда Құрбан айт мейрамы ұлттық ойындармен жалғасты

Қарқаралы аудандық “Құнанбай қажы” мешітінде қасиетті Құрбан айт намазы оқылып,  ұлық мейрам ұлттық ойындармен жалғасын тапты.

Айт намазынан кейін мешіт ауласында ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Жамағат арасында арқан тарту, садақ ату, ал жеткіншектер арасында қазақша күрес бойынша сайыстар өткізілді.

Шара соңында жеңімпаздарға жүлделі сыйлықтар табысталып, мереке бірлік пен бауырмалдықты дәріптеген мазмұнды іс-шараға ұласты.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz