Шахтинск қаласында қасиетті Құрбан айт мейрамының құрметіне балаларға арналған арнайы ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысында аниматорлар балалармен түрлі қызықты ойындар ойнатып, көңілді сайыстар өткізді. Сонымен қатар, ән айтылып, би биленіп, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
Шараның басты мақсаты – балаларға Құрбан айт мерекесінің қуанышын сезіндіру, олардың мерекелік көңіл-күйін көтеру және ізгілікке баулу болды. Мерекелік кеш барысында балаларға арнайы сыйлықтар мен тәттілер таратылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы