Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде қасиетті Құрбан айт мейрамы ұлттық дәстүрмен ерекше форматта ұйымдастырылды.
Мешіт ауласына қазақы киіз үй тігіліп, айт намазынан кейін жамағат арасында ұлттық ойындардан сайыстар өткізілді. Шара барысында арқан тарту, қол күресі сынды дәстүрлі ойындар ойналып, қатысушылар өзара бақ сынасты.
Сондай-ақ жамағатқа арнап қазанға ас әзірленіп, палау таратылды. Бұл игі шара айт мерекесінің береке мен бірлікке, сыйластық пен бауырмалдыққа үндейтін мәнін айшықтай түсті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы