Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде балаларға айттық сыйлықтар үлестірілді.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде балаларға айттық сыйлықтар үлестірілді.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай айт намазына келген балаларға арнайы айттық сыйлықтар үлестірілді.

Мешітке келген бүлдіршіндерге тәттілер мен мерекелік сыйлықтар табысталып, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Бұл шара балалардың айт мерекесіне деген қуанышын арттырып, мейрамның рухани атмосферасын сезінуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, жамағатқа Құрбан айттың татулық, мейірім және қуаныш мерекесі екендігі насихатталып, балаларға ақ тілектер айтылды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz