Center Image
IHSAN.KZ
Төле би мешітінде Құрбан айт мерекесі кең көлемде аталып өтті
Төле би мешітінде Құрбан айт мерекесі кең көлемде аталып өтті
Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай “Төле би”мешітінде рухани әрі тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды.

Таң сәріден мешітке жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтылып,айт намазы оқылды. 

Еліміздің амандығы мен жұртымыздың тыныштығы үшін дұға жасалды.
Айт намазынан кейін мешіт ауласында мерекелік дастархан жайылып, ұлттық салт-дәстүр дәріптеліп, қазақтың дәстүрлі ойындары ойнатылды. 

Бұл мереке халықтың ынтымағы мен ауызбіршілігін арттырып, рухани құндылықтарды жаңғыртуға үлкен үлес қосады деген ниеттеміз.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz