Теміртау орталық “Әлихан Бөкейхан” мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлы Құрбан айт мерекесіне орай дайындалған арнайы құрбан шалу орнына барып, қасиетті Құран аяттарын оқып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасады.
Шара барысында құрбан шалу рәсімдерінің шариғат талаптарына сай әрі таза жағдайда өтуі назарға алынып, жамағатқа Құрбан айттың рухани маңызы насихатталды. Сонымен қатар, мерекенің басты мәні — ізгілік, мейірім және мұқтаж жандарға қолдау көрсету екені айтылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы