Center Image
IHSAN.KZ
АБАЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНДЕ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ
АБАЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНДЕ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Қасиетті Құрбан айт мейрамында Абай аудандық мешіті мешітіне жиналған жамағат айт намазын оқып, ұлық мерекені ерекше ықыласпен қарсы алды.

Айт намазына аудан тұрғындары мен ақсақалдар, жастар мен мешіт жамағаты қатысып, мұсылман қауымы бірлік пен бауырмалдықтың үлгісін көрсетті.

Мерекелік жиында аудан имамы Асхат Қанайұлы жиналған қауымды Құрбан айт мейрамымен құттықтап, бұл күннің мұсылман жұртшылығы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар айттың рухани мәні, құрбан шалудың сауабы және адамды ізгілікке, мейірім мен жанашырлыққа үндейтін тағылымы жайында насихат айтты.

Айт намазынан кейін жамағат ел тыныштығы, жер амандығы және халқымыздың береке-бірлігі үшін дұға жасап, мемлекетіміздің бейбітшілігін тіледі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz