Center Image
IHSAN.KZ
«ТӨЛЕУТАЙ АТА» МЕШІТІНДЕ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ
«ТӨЛЕУТАЙ АТА» МЕШІТІНДЕ ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде мұсылман қауымы қасиетті Құрбан айт мерекесін қарсы алып, айт намазын оқыды.

Айт намазына жиналған жамағатқа мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы мерекелік насихат айтып, барша мұсылман қауымын ұлық мейраммен құттықтады. Сонымен қатар Құрбан айттың рухани мәні мен ізгілікке үндейтін тағылымы жайында уағыз-насихат жүргізді.

Жамағат айт намазынан кейін ел амандығы, жер тыныштығы және халқымыздың бірлігі үшін дұға жасап, бейбітшілік пен береке тіледі.

Қасиетті мереке мешітке келген қауымға ерекше рухани әсер сыйлап, бауырмалдық пен ынтымақты арттырған тағылымды күн болды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz