Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде Құрбан айтқа дайындық бойынша жиналыс өтті
«Бала қажы» мешітінде Құрбан айтқа дайындық бойынша жиналыс өтті

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нұрұлы Махмуд қажы Нұров мешіт қызметкерлерін жинап, қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында арнайы жиналыс өткізді.

Жиын барысында мерекелік күндері атқарылатын жұмыстар жан-жақты талқыланып, мешіт ауласын тазалау, келушілерге қолайлы жағдай жасау, құрбан шалынатын орындарды талапқа сай әзірлеу мәселелері пысықталды.

Сонымен қатар, құрбандық шалу рәсімінің шариғат талаптарына сәйкес орындалуы басты назарға алынды. Осы мақсатта құрбандық шалынарда айтылатын дұғалар мен қойылатын талаптар арнайы баннерлерге жазылып, көпшілікке көрінетін орындарға ілінді. Бұл игі бастама жамағаттың діни рәсімдерді дұрыс әрі сауатты орындауына бағытталған.

Жиналыс барысында мереке күндері мешітке келетін тұрғындарға тәртіп сақтау, тазалыққа мән беру және өзара сыйластық қағидаларын ұстану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілетіні айтылды. Сондай-ақ, қызметкерлерге нақты міндеттер бөлініп, Құрбан айт күндерін жоғары деңгейде ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz