Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Абай аудандық мешіті жанындағы әйелдер жамағаты мешіт ауласында және ғибадат үйінің ішінде тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Игі шараның мақсаты — мереке қарсаңында мешіттің тазалығы мен көркін арттырып, жамағатқа жайлы орта қалыптастыру.
Тазалық жұмыстарына белсенді қатысқан әйелдер мешіт ішін жуып-тазалап, аула аумағын ретке келтірді. Сонымен қатар гүлдерге күтім жасап, айналаны қоқыстан тазартты. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар бірлік пен ынтымақты нығайтып, сауапты іске үлес қосуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Жамағат мүшелері қасиетті мерекені таза әрі көркем ортада қарсы алудың маңыздылығына тоқталып, барша тұрғындарды тазалыққа, ұйымшылдыққа шақырды.
Осындай игі бастамалар мешіттің рухани орталық ретіндегі рөлін айқындап қана қоймай, қоғамдағы ауызбіршілік пен жанашырлықтың артуына ықпал етеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы