Center Image
IHSAN.KZ
Зүлхижжа айының қасиеті баяндалды
Зүлхижжа айының қасиеті баяндалды

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Ажар Қыдырманқызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына «Зүлхижжа айының қасиеттері» тақырыбында уағыз-насихат айтылды.

Рухани кездесудің мақсаты – қасиетті Зүлхижжа айының артықшылықтарын түсіндіру, бұл айда жасалатын ізгі амалдардың сауабы мен маңызын насихаттау болды. Уағыз барысында Зүлхижжа айының мұсылман қауымы үшін ерекше мәнге ие екені айтылып, құлшылық, дұға, тәубе және қайырымдылық жасаудың артықшылықтарына кеңінен тоқталды.

Сонымен қатар жамағатқа Құрбан айттың рухани мәні түсіндіріліп, мұсылман баласын сабырлыққа, ынтымаққа және ізгілікке үндейтін тағылымды насихаттар айтылды. Кездесу соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтермен бөлісті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz