Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешітінің ұстазы Бақыт Амантайқызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына арналған кезекті кітап талқысы өтті. Рухани-ағартушылық бағыттағы жиынға жамағат пен жастар белсене қатысып, кітап оқу мәдениетін насихаттау, жастардың ой-өрісін кеңейту және пайдалы пікір алмасу алаңын қалыптастыру мақсат етілді.
Жиын барысында қатысушылар оқылған кітаптың мазмұнына тоқталып, ондағы негізгі ойлар мен тағылымды тұстарды кеңінен талқылады. Әсіресе адамгершілік, имандылық, білімге ұмтылу секілді асыл құндылықтар сөз болды. Сонымен қатар қатысушылар өзара пікір алмасып, кітаптан алған әсерлерімен бөлісті.
Мұндай рухани кездесулер жамағат арасындағы ынтымақты арттырып, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға септігін тигізуде.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы