Абай ауданы аудандық мешітінің наиб имамы Жардыбай Ережептің ұйымдастыруымен «Өнегелі отбасы – қоғам байлығы» тақырыбында жас отбасылармен рухани кездесу өтті.
Кездесу барысында отбасы құндылықтары, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық, мейірім және түсіністік мәселелері кеңінен қозғалды. Имам отбасындағы береке мен тұрақтылықтың негізі – имандылық, сабыр және өзара құрмет екенін атап өтті.
Сонымен қатар, жас отбасыларға некенің жауапкершілігі, шаңырақтың амандығы мен ұрпақ тәрбиесінің маңызы жөнінде тағылымды насихат айтылды. Жиын қатысушылары өзара пікір алмасып, отбасы өміріне қатысты пайдалы кеңестер алды.
Кездесу жастардың отбасылық құндылықтарға деген көзқарасын нығайтып, қоғамдағы өнегелі жанұяның рөлін тереңірек түсінуге ықпал етті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы