Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің наиб имам Дархан Түменбай жамағатқа діни тұрақтылық пен бірлік мәселесіне тоқталып, жат ағымдардың қоғамға және дінге тигізетін зиянды салдарын түсіндірді.
Насихат барысында имам теріс идеологиялардың белгілері, олардың адамды адасуға итермелейтін себептері және мұндай ықпалдан сақтанудың жолдары туралы айтты. Сонымен қатар, дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстану, білімді арттыру және діни сауатты мамандарға жүгіну қажеттілігі атап өтілді.
Жамағатқа мұндай ақпараттық-танымдық шаралар діни сауаттылықты арттырып, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететіні жеткізілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы