Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті ұжымында Құрбан айт мерекесіне орай ұйымдастырылатын рухани-мәдени және спорттық іс-шараларға байланысты арнайы жиын өтті.
Жиын барысында мешіт имамы алдағы күндері өткізілетін барлық іс-шаралар жоспарын таныстырып, олардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар мерекелік бағдарламалардың жоғары деңгейде әрі жүйелі өтуі үшін мешіт қызметкерлеріне нақты тапсырмалар жүктелді.
Кездесуде Құрбан айт күндері жамағатқа қолайлы жағдай жасау, рухани шараларды мазмұнды өткізу, спорттық сайыстарды ұйымдастыру және қоғамдық тәртіп пен тазалық мәселелері де кеңінен талқыланды.
Жиын соңында мешіт ұжымы алдағы мерекелік іс-шараларды бірлесе әрі жауапкершілікпен атқаруға дайын екендіктерін білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы