Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Игі іс аясында 30 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.
Аталған шараның басты мақсаты – қоғамда мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін арттыру. Бұл бастамаға мешіт жамағаты мен жомарт жандар белсене атсалысып, сауапты іске өз үлестерін қосты.
Қайырымдылық – халқымыздың қанында бар асыл қасиеттердің бірі. Осындай игі шаралар арқылы қоғамдағы бірлік пен бауырмалдық нығайып, мұқтаж жандарға үміт сыйланады.
Алла Тағала жасалған әрбір жақсылықты еселеп қайтарып, қайырымды жандарға береке нәсіп етсін!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы