Сұрыптау кенті «Қамзе ата» мешітінің имамы Думан Қамариденұлы Қарағанды теміржол колледжі студенттерімен арнайы кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында имам Рамазан айының қасиеті мен маңыздылығы туралы айтып, жастарды діни сауаттылыққа шақырды. Сонымен қатар, дінге жат ағымдардан сақ болу, адами және рухани құндылықтарды ұстану мәселелеріне баса назар аударды.
Жастардың бойында білімге деген құштарлықты арттыру, дұрыс бағыттағы өмірлік ұстаным қалыптастыру да кездесудің негізгі тақырыптары болды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, имамнан кеңестер алды.
Кездесу соңында қатысушылар рухани тәрбие мен білімнің маңыздылығын атап өтіп, мұндай шаралардың жастар үшін пайдалы екенін білдірді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы