Center Image
IHSAN.KZ
Сұрыптау кенті «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өтті
Сұрыптау кенті «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы өтті

Сұрыптау кенті «Қамзе ата» мешітінде қасиетті Рамазан айында әлеуметтік көмекке мұқтаж, көп балалы отбасыларға «Рамазан қоржыны» үлестірілді.

Мектеп оқушылары мен ата-аналардың демеушілігімен жүзеге асқан қайырымдылық шара барысында қоржынға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері салынып, бірқатар отбасыларға табысталды.

Сонымен қатар, мешіт имамы Думан Қамариденұлы «Рамазан сыйын» үлестірді.

Шара барысында жиналған жамағатқа Рамазан айының берекесі мен қайырымдылықтың маңызы туралы насихат айтылып, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін дұға жасалды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz