Center Image
IHSAN.KZ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖИЫНЫ ӨТТІ
ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Қарағанды облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен  «Әжелер  мектебінің» кезекті семинары болып өтті.

Семинарда алғысөз сөйлеген Қарағанды облысының бас имамы Естай қажы Айтуғанұлы ұрпақ тәрбиесінде жас буынның бойына дініміздің  асыл қасиеттерін сіңіруде ақ жаулықты  әжелерміздің алатын орны орасан зор екенін тілге тиек етті.

Рухани шара барысында әжелер қауымы кезекпен сөз алып,  ислам дініндегі қыз баланың тәрбиесі, әйел адамның мәртебесі, баланың өмірінде ананың алатын  орны тақырыптары аясында сөз қозғады.
Берекелі шара мешіт асханасында жайылған дастархан басында жалғасын тауып, ізгі тілектер мен құнды насихаттар айтылды. 
 
Айта кетейік, Қарағанды облысы өкілдігі биылғы «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Әжелер мектебінің» жанынан тәрбие-танымдық және салт дәстүр бағытында біршама іс шараларды жүзеге асырмақ.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz