Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде «Араб әріптерінің махраждары» тақырыбында семинар өтті
Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде «Араб әріптерінің махраждары» тақырыбында семинар өтті

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің ұстазы Гүлнұр Қаныбекқызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына  «Араб әріптерінің махраждары» тақырыбында семинар  болып өтті.

Араб тілі – Құран Кәрімнің тілі болғандықтан, оның әрбір дыбысы мен әрпі ерекше мәнге ие. Әсіресе, әріптердің махраждарын (шығу орындарын) дұрыс білу – Құранды сауатты оқу мен тәжуид ілімінің негізгі тіректерінің бірі. Осы мақсатта семинар барысында араб әріптерінің махраждары теориялық әрі практикалық тұрғыда жан-жақты түсіндірілді.

Қатысушылар дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын жетілдіріп, тәжуид іліміне деген қызығушылықтарын арттырды. Араб әріптерінің махраждарын меңгеру – Құранға деген құрметтің, ілімге деген жауапкершіліктің белгісі екені ерекше атап өтілді.




Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz