Center Image
IHSAN.KZ
РАМАЗАН – РУХАНИ ТӘРБИЕ МЕН БІРЛІК АЙЫ
РАМАЗАН – РУХАНИ ТӘРБИЕ МЕН БІРЛІК АЙЫ
Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы Жақып Ақбай мешіті наиб имамы Токтамысов Нұрмуханбет Махмутұлы қасиетті Рамазан айының келуімен барша мұсылман жамағатын шын жүректен құттықтайды.

Рамазан айы – ислам әлемі үшін ең қадірлі де қасиетті уақыттардың бірі. Бұл айда адам баласы рухани тұрғыдан тазарады, сабыр мен шүкірге тәрбиеленеді, жүрекке иман нұры ұялайды. Ораза – пендені тақуалыққа бастайтын, нәпсіні тәрбиелейтін ұлы құлшылық.

Қасиетті айда әрбір мұсылман:
Бес уақыт намазға ұқыптылық танытып,
Құран Кәрімді оқуға және үйренуге ден қойып,
Тарауих намаздарына қатысып,
Садақа беріп, мұқтаж жандарға көмектесуге тырысуы қажет.

Рамазан – кешірім мен мейірім айы. Бұл айда жасалған әрбір игі амалдың сауабы еселеніп жазылады. Сондықтан уақытты тиімді пайдаланып, ізгі істерді көбейту – әрбіріміздің борышымыз.

Теміртау қаласындағы Жақып Ақбай мешітінде Рамазан айына байланысты арнайы уағыз-насихаттар, Құран дәрістері және қайырымдылық шаралары ұйымдастырылмақ. Барша жамағатты қасиетті айдың мүмкіндігін тиімді пайдаланып, мешітпен тығыз байланыста болуға шақырамыз.

Алла Тағала баршамыздың тұтқан оразаларымызды, жасаған дұғаларымызды қабыл етіп, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, әр шаңыраққа береке нәсіп етсін.

Құрметпен,
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы
Жақып Ақбай мешітінің наиб имамы
Токтамысов Нұрмуханбет Махмутұлы

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz