Center Image
IHSAN.KZ
Теміртау қаласында «Отбасы және Рамазан» тақырыбында тағылымды кездесу өтті
Теміртау қаласында «Отбасы және Рамазан» тақырыбында тағылымды кездесу өтті

Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлының ұйымдастыруымен «Отбасы және Рамазан», «Жастар және Рамазан: сабыр мен жауапкершілік» тақырыптарында тағылымды насихаттық кездесулер өткізілді.

Кездесу барысында Рамазан айының отбасы тәрбиесіндегі орны, ата-ана мен бала арасындағы жауапкершілік, ауызбіршілік пен мейірім құндылықтары кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ жастарға сабыр сақтау, уақытты тиімді пайдалану, оразаның рухани тәрбие мектебі екені және қоғам алдындағы жауапкершілік жайлы насихат айтылды.

Жиынға қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пайдалы рухани кеңестер алды. Мұндай кездесулер жамағаттың имандылығын арттырып, қоғамда ізгілік пен бірлікті нығайтуға бағытталған игі бастама болды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz