Center Image
IHSAN.KZ
«Қазынаға толы сауат» кітабының тұсаукесері өтті
«Қазынаға толы сауат» кітабының тұсаукесері өтті
Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің ұстазы Бақыт Амантайқызының ұйымдастыруымен «Қазынаға толы сауат» атты кітаптың тұсаукесері  өтті. 

Бұл кітап – тек оқу құралы емес, ол жүрекке бағыт, санаға сәуле, рухқа тәрбие беретін қазына.

Презентация барысында кітаптың негізгі мақсаты – сауатты ойлау, дұрыс түсіну және рухани негізде даму екені атап өтілді. Әрбір бетінде ниетті түзейтін, ойды жинақтайтын, иман мен әдепке жетелейтін мән бар.

Кеш соңында кітап шәкірттерге таратылды. Бұл – жай ғана сыйлық емес, бұл – болашаққа салынған рухани аманат. Әр шәкірттің қолына тиген бұл кітап, Аллаһтың қалауымен, жүрекке жол тауып, пайдалы ілімге айналсын деген тілек айтылды.

Ілім – ең үлкен байлық. Ал жүрекке сіңген ілім – нағыз қазына.

Аллаһ тағала бұл еңбекті дайындаған, таныстырған және шәкірттерге жеткізуге себепкер болған барша жандардан разы болсын. Біліміміз амалға, амалымыз ықыласқа айналсын.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz