Center Image
IHSAN.KZ
Шарапаты мол Шағбай айы мүбарак болсын!
Шарапаты мол Шағбай айы мүбарак болсын!
Әбдіғали Естай Айтуғанұлы,
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы

Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!
Ардақты ағайын! Қадірлі қауым!

Баршаңызды шарапаты мол Шағбан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!

Қасиетті Рамазан айының келгенін сүйіншілейтін Шағбанда әр шаңыраққа шаттық, бақыт пен береке тілеймін. Алла Тағала осы айда жасайтын дұға-тілектерімізді, құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл еткей!

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз үмбетіне Шағбан айы кіргенде тазаланып, ниетімізді дұрыстауды өсиет еткен.

Алла елшісінің тағы бір хадис-шарифінде айтылғандай, Шағбан айында жасалған дұға кері қайтарылмайды. Ендеше, шарапаты мол Шағбан айында шынайы ниетпен халқымыздың амандығын сұрап, көп дұға жасайық.

Құрметті жамағат!

Осы айда ниетімізді түзеп, нәпіл ораза ұстап, мүмкіндігінше тазаланып, дұға жасап өзімізді қорғайық. Құран оқып, қиналған жандарға, науқастарға, қиындыққа тап болған мұсылмандарға Алладан жеңілдік, шипа тілейік. Өйткені, «Құран оқу – көңілдің шипасы» (хадис).

Алла Тағала елімізге амандық, жерімізге тыныштық, халқымызға береке нәсіп еткей! Ел іргесін берік етіп, Шағбанның шарапатына бөленуді жазғай!Әмин!


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz